Қарттарын ардақтай білгенелдің рухы үстем, шаңырағы биік

19-11-2019

Қарттарын ардақтай білгенелдің рухы үстем, шаңырағы биік

«Қарттарын ардақтай білгенелдің рухы үстем, шаңырағы биік» демекші Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы қазыналы қарттардың бос уақыттарын тиімді, әрі белсенді өткізу үшін барлық мүмкіндіктерді жасап отыр.

Оған дәлел, «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы. Ағымдағы жылдың басында ашылған орталықта барлығы 16 үйірме мен шығармашылық ұжымдар қызмет етеді. Орталықтағы қариялар спортпен шұғылданып, шығармашылықпен емін-еркін айналысады. Белсенді қарттардың қатарын арттыру мақсатында орталық мүшелері ашық есік күнін өткізді.

Аталған іс-шараға «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалының өкілдері, этномәдени бірлестік мүшелері, шығармашылық ұжымдар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Ашық есік күнінекелушілерге орталық туралы толық ақпарат беріліп, үйірмелердің жұмысы таныстырылды. Шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп көңіл көтерді. БАҚ өкілдері және келушілерге арнап дөңгелек үстел ұйымдастырылып, орталықтағы әр ұжым қызметі туралы баяндады. Қызығушылық танытқан адамдардың, тілшілердің туындаған сұрақтарына тұщымды жауап берілді.

«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы «Nur Otan» партиясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ашылған болатын. Орталықта шахмат, әдеби-көркемдік, «Сіздің денсаулығыңыз» және фото клубтар, қолөнер шығармашылық бірлестігі, тілдерді үйрету курстары, хор және ансамбльдар бар.

Егер сіз зейнеткерлік демалысқа шығып, бос уақытыңызда немен айналысатыңызды әлі шешпесеңіз, сізді «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығына шақырамыз! Мұнда сіз қоғам өміріне белсене қатысып, жан-жақты дамисыз. Жаңа достар тауып, бос уақытыңызды тиімді пайдаланысыз! Толығырақ ақпарат үшін direct-ке жазыңыз!